Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасы Отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева ЭКО-ға кім үміттене алады және қандай көрсетілімдер бар екеніне тоқталып өтті. Бағдарлама консервативті жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған, оған жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге үмітті, репродуктивті жастағы кез келген жұптар, жеке адамдар қатыса алады. Ол Қазақстан азаматы болып, міндетті медициналық сақтандыруы болуы керек.