Өңдеу өнеркәсібі Алматы облысы экономикасын дамытудың локомотивіне айналып отыр. Бұл саладағы өсім 14,3% құрады. Жалпы, биыл 10 айда экономиканың барлық негізгі салаларында тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің жетістіктерімен бөлісті.