Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында биыл қыркүйекте Үкімет қабылдаған 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет етудің кешенді іс-шаралары өңірде жүзеге асырылып келеді. Тұрақтандыру қорын құрып, жеңілдікпен кредит беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1,7 млрд теңге бөлінді, оның жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингт»е өңір басшысы Амандық Баталов мәлімдеді.