Соңғы бес жыл көлемінде облыста іске асырылып жатқан «Үштілді білім беруді дамыту» өңірлік жобасы аясында тілдік пәндер мұғалімдерінің кәсіби деңгейі артты. Соның нәтижесінде мұғалімдердің оқыту әдістемесін меңгеруі, 14-тен 89%, ал оқушылардың білім сапасы 53-тен 62% дейін артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді. Биыл орыс тілінде оқытатын мектептерде, практикалық қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға бағытталған жобаның үш жылдық кезеңі басталады. Ол үшін экспериментке алынған облыстағы алдыңғы қатарлы 100 мектептің 200 мұғалімін практикалық қазақ тілін тереңдете үйретуге оқыттық.