Азаматтық қоғамға, ҮЕҰ-ға қатысты заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізу туралы бастама көтерілді. Бұл ретте мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, мониторингтеу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы; мемлекеттік гранттардың пайда болуы туралы; Қоғамдық кеңестер институтын жетілдіру туралы; Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын енгізу туралы сөз болып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.