100 000 IT-маманды даярлау жөніндегі тапсырма шеңберінде Tech Orda бағдарламасы әзірленді. Бұл мемлекет пен технопарктің жеке бағдарламалау мектептерін қаржылық қолдау бағдарламасы. 100 студенттің әрқайсысы IT-дағдыларды алу үшін 600 000 теңге көлемінде қаржылық қолдау алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызмтінде өткен брифингте Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев хабарлады.