2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісі, оның ішінде өңдеу саласы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көбейді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері саны өсіп, құрылыс жұмыстары мен пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі де артты. Бұл туралы өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.