Топырақтың қатты тұздануына байланысты суармалы жерлерде басқа дақылдарды тек күріштің ауыспалы егісінде сәтті өсіре аламыз. Сондықтан күріш егісін қысқарта отырып, күріш өсірудің тиімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.