Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17% жетті. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. Оның айтуынша, Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толықтыру мақсатында 2%-бен несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 400 млн теңге бөлінді.