Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 1 қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа кезекті Жолдауының басым бөлігі пандемиядан кейінгі кезеңде елімізді одан әрі дамытуға арналған. Аймақта жаппай вакцинация науқаны аяқталуға жақын. Бүгінде миллионнан астам тұрғын COVID-19-ға қарсы екпе алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.