Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 30 жыл ішінде өңірде атқарылған ірі жобалар мен халықтың өмір сапасының қалай өзгергені жайлы баяндады. Тәуелсіздік жылдары жалпы халықтың әл-ауқаты жақсарды. Әр өңірде ірі жобалар іске асырылды.