Түркістан облысында тұрғындар үшін елеулі және айтулы ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл мәселелердің түйінді шешілуі Елбасының айрықша қолдауының арқасы деп білемін. Кеңестік заманда жүзеге аспай, арманға айналған жобалардың бірі Сырдария өзенінен 430 метрлік «Тәуелсіздік көпірі» салынды. Бұл көпірдің маңыздылығы өте зор болды. Үш ауданның 350 мың тұрғыны республикалық күре жолға Өзбекстан аумағы арқылы өтпей шығуға мүмкіндік алды. Мәселе түбегейлі шешілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.