Үстіміздегі жылдың 10 айында облыстың маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсімі сақталды. Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталып, 5 есеге өсті. Жалпы, облыс құрылғалы бері құны 396 млрд теңгеге 6 300 жұмыс орны ашылып, 114 инвестициялық жоба іске қосылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осындай көрсеткіштерді жария етті.