Биыл қуаңшылыққа байланысты мал азығы тапшылығын жою мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде мал азығын дайындау жоспары 108%-ға орындалып, 4 млн тоннадан астам азық жиналды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев хабарлады. Оның айтуынша, мал шаруашылығында өсім 5% жетті, 291,4 млрд теңгеге өнім өндірілді. Ет экспорты бойынша облыс республикада 1-орында.