Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің 2021 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен таныстырып өтті. Тәуелсіздік жылдары бүкіл елімен бірге Атырау өңірі де қарқынды дамып, жасампаздық қуаты еселеп өсті. Облыстың дамуын айқындайтын негізгі салалардың барлығында тың серпіліс болып, биік межелерге қол жеткізілді.