Ластаушы заттардың көлемі көрсеткіші бойынша экологиялық ахуал өткен жылдың деңгейінде қалып отыр. Бұл орайда жабдықтар мен технологиялық процесстерді жаңғырту есебінен ірі кәсіпорындармен шығарындылардың көлемін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.