Ең маңызды басымдықтардың бірі - білім, денсаулық сақтау, спорт салаларын дамыту және осы салаларда көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті. Биыл 2 мектептің құрылысы аяқталды, 8 мектеп салынуда, оның ішінде 1 мектеп жыл соңына дейін тапсырылады. Сонымен қатар, 2 мектепке 430 орындық жалғама құрылысы жүргізілуде, оның 1-і жыл соңына дейін аяқталады.