Атырау – Астрахань тасжолы проблемасы бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Атыраулықтардың айтуынша, жол нашар, апат, шаң болады. Жөндеу жұмыстары қашан бітеді? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетұлына осындай сұрақ қойылды.