Жайық өзенінің таяздануы үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Әкімдік не істеп жатыр? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының басшысынан сұрады. Махамбет Досмұхамбетов бұл өзен трансшекаралық екенін түсіндірді. Оның негізінен Ресей Федерациясы аумағындағы сумен толығады – 80% астам. Су көлемінің тартылуына климаттық өзгерістер, жауын-шашынның аздығы әсер етеді. Екінші себеп – су қоймаларының көптігі. Лай жиналады.