Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру шеңберінде Қазақстанда мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар қабылданды. Құжат 7 бағытты қамтиды және 64 іс-шарадан тұрады. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте егжей-тегжейлі айтып берді.