2021 жылы ұзындығы 5,8 мың км учаскелерде 94 бірлік бақылау аркасын орнату бойынша жұмыстар аяқталды. Әрбір бақылау аркасында мынадай құрамда бағдарламалық-аппараттық кешен орнатылды: бекіту камералары, шолу камералары, өнеркәсіптік компьютер, лазерлік қашықтық өлшеуіш, RFID еспетеуіш және т. б. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы мәлімдеді.