Пайдаланушыларға ақылы учаскелер бойынша кеңес беру, нақтылау, абоненттік төлемді ресімдеу үшін клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі 14 орталық жұмыс істейді. Жалпы санын 45-ке жеткізу жоспарланған. Жиі қойылатын сұрақтарға QAJ mobile мобильді қосымшасынан жауап алуға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы айтып берді.