ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген бағытқа сәйкес, суармалы егіншілік қарқынды дамып келеді. Бүгінде оның аумағы 135,9 мың гектарды құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді.