Ақмола облысының билігі тұрғын үй құрылысында «сапалы серпіліс» жасауға ниетті. Бұл туралы өңір басшысы Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, облыста тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста Өңірде 72 көппәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 37 жалға берілетін, 33 кредиттік тұрғын үй. Тағы 2 үй Атбасар қаласының су тасқыны қаупі бар аймақтан тұрғындарды көшіру үшін Үкімет резервінің есебінен салынуда. Өткен жылмен салыстырғанда салынып жатқан үйлердің саны 2 есеге жуық өсті.