Бүгінде барлық 66 шетелдік мекеме, салалық мемлекеттік органдар мен өңірлік әкімдіктер осы жұмысқа белсенді тартылды. Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар бірлесіп Қазақстанда өндірісті ұйымдастыру үшін перспективалы тауар топтары мен нишаларды айқындайды. Осылайша, инвесторға инвестициялық шешім қабылдауда шешуші фактор болып табылатын әлеуетті сату нарығы ұсынылады. Өткен жылы 3000-нан астам тауар позициялары мен 617 тауашалық жобалар бойынша «инвестицияларға тапсырыс» алынды. Инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесі туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев егжей-тегжейлі айтып берді.