Сыртқы периметрдегі үш деңгейлі жүйе шеңберінде барлық шетелдік мекемелер үшін 5 жылдық мерзімге елдік инвестициялық бағдарламалар әзірленді. Оларда салалар мен жұмыс істеуге және таргеттеуге тиісті компаниялар саны нақты белгіленген. ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте барлық елдер инвестициялық әлеуетіне сәйкес 3 санатқа бөлінгенін атап өтті.