Газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастардың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздері «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңмен реттеледі. Заңда газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың құзыреттері нақты баяндалған және олардың өкілеттіктері бөлінген, бақылау объектілері нақтыланған. Заңға сәйкес ТЖМ-ге газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі бойынша талаптарды белгілеу және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың оларды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер жүктелген. Ведомство құзыреттер аясында қандай іс-шаралар өткізгені жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев айтып берді.