ТЖМ бөлімшелері халықтың әлеуметтік осал топтарының 107 583 тұрғын үйін есепке қойды. Бірінші кезеңде тұрғын үйлерді 100% аралау қамтамасыз етілді, оның барысында 342 мың азаматқа нұсқау берілді, 71 мың үй ЖАО және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен тексерілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіның төрағасы Нұрболат Дербісов хабарлады.