Осыдан отыз жыл бұрын халқымыздың тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан тәуелсіздігін алды. Бұл оқиға тек қазақстандықтар үшін ғана маңызды болып қоймай, сонымен қатар бүкіл адамзаттың даму траекториясына оң әсер етті. Бұл туралы дөңгелек үстел отырысы барысында ҚР ҰҒА академигі, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова мәлімдеді.