Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Көпэтносты Қазақстан халқы үшін бұл тұғыр этносаралық, конфессияаралық татулықты сақтап қалу мәселесі сынды өте маңызды екені сөзсіз. Қазақстандағы басты стратегиялық ресурс этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында әлеуметтану ғ.д., қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова мәлімдеді.