Біздің бірлігіміз әралуандықта. Полиэтностық даму үшін ресурс ретінде үлкен әлеуетке ие. Қазіргі әлем мүлдем басқа, көп мәдениетті. Бұл әртүрлілікте әр мәдениеттің, елдің өзіндік келбеті мен ерекшелігі бар. Бұл туралы сарапшылар кездесуінде Айгүл Сәдуақасова мәлімдеді. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (ҚЭЗИ) директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы атап өткендей, Қазақстан елдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және рухани процестеріне белсенді қатысатын көптеген этнос өкілдері үшін Отан болып отыр.