Отбасы – ең маңызды әлеуметтік институт, оның аясында қоғамдық сананы жаңғырту және ұлттың мәдени кодты сақтау жүзеге асырылады. Отбасылық-демографиялық саясат саласындағы соңғы зерттеулер көрсеткендей, қазақстандықтардың 73,8% отбасылық өмірімен толық қанағаттанған. Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты бағалау кезінде респонденттердің 74,2%-ы арадағы байланыстың өте жақсы екенін, бір-бірін жақсы көретінін және құрметтейтінін атап өтті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында доцент, «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Рақышева Айгүл осындай мәліметтер келтіріп өтті.