Президенттің тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда 1 млн гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары анықталды, олардың 57%-ы игерілді, 16% – ы мемлекеттік меншікке қайтарылды, қалған 27% - ы қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті.