Минимум міндет - үш ауысымдық оқуды жою. Елордада мемлекет басшысының тапсырмасы перспективаларды ескере отырып орындалады. Себебі 10 жыл бұрын қалалық мектептерде 74 000 бала оқыса, қазір 215 000 бала, бұл көрсеткіш алдағы онжылдықта 2 есеге артады деп күтілуде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов осындай болжам жасады.