Биыл Қостанай облысында 8 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне, 11 ауыл суды тазарту және тарату пункттеріне қосылады, 16 ауылды сумен жабдықтау жақсартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.