Ауыл шаруашылығы өңір экономикасының екінші базалық бағыты болып табылады. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жалпы шығарылым 553,3 млрд теңгені құрады, ЖӨӨ көлемі – 86%. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. 2021 жылы астықтың жалпы түсімі 2,9 млн тоннаны құрады, орташа өнімділігі 7,2 ц/га.