Өңірдің экономикалық дамуы экономиканың негізгі салаларының көрсеткіштері көрсетіп отырған оң серпінде ілгерілеп келеді. 10 айдың қорытындысы бойынша өсімге қол жеткізілді, өнеркәсіп -8,1%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 13,5%%; негізгі капиталға салынған инвестициялар – 11%; құрылыста – 6%; тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша – 25,5%; бөлшек саудада – 5%; көтерме саудада – 4,3% өсім қамтамасыз етілді. Сондықтан, бүгінгі күні жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің өсімін кемінде 3% шегінде болады деп күтудеміз. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осындай көрсеткіштерді жария етті.