Биыл Қостанай облысында медицина саласына 17,2% өсіммен 86,4 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 35 денсаулық сақтау нысаны жөнделді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік саладағы мәселелерге тоқталған өңір әкімі Архимед Мұхамбетов хабарлады. Соңғы жылдары медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету едәуір жақсарды. Тек соңғы 2 жылдың ішінде 111 бірлік санитарлық автокөлік, 4 Қостанай емханасының мобильді бригадаларына арналған 4 жеңіл автокөлік, жедел жәрдем қызметі үшін отандық өндірістің 50 реанимобилі сатып алынды.