Су объектілерінің мониторингі өзендерге жақын су қорғау аймақтары мен белдеулері режимінің бұзылуын анықтауды қамтиды. Ғарыштық суреттерде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің бекітілген координаттары салынады, сондай-ақ шаруашылық қызметтің белгілері тіркеледі, өйткені өзендерге жақын су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық қызмет түрлеріне (жер жырту, мал жаю, қалдықтарды орналастыру, пайдалы қазбаларды өндіру) толық тыйым салынған не шектелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов хабарлады.