Үстіміздегі жылы 182 нысан немесе 310 шақырым жолдарда құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында ірі жолайрықтың құрылысы аяқталып, айналма жолдарды салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып, заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілетін жоғарылатады. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 2021 жылғы 63%-дан 2025 жылы 79% жетеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала басшысы Мұрат Әйтенов осындай көрсеткіштерді жария етті.