Ауыл шаруашылығы Солтүстік Қазақстан облысының дамуының қозғаушы күші. Биыл бұл салаға құйылатын инвестиция 140 млрд теңгеге жетеді. Қазақстанның ауыл шаруашылығына салынған инвестицияның төрттен бірі солтүстік өңірге тиесілі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.