Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының келіссөздері нәтижесінде қазандық жабдықтары мен газ тазалау жабдықтарын қайта құру, сондай-ақ әк күйдіру цехын Теміртау қаласының сыртына көшіру жоспарлануда. Компания 2025 жылға дейін атмосфераға шығарындыларды 30% төмендетуге міндеттенеді, сондай-ақ олар Теміртау қаласының айналасына 500 мың ағаш отырғызады. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев өңірлерде шығарындыларды азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға бірқатар мысалдар келтіріп өтті.