ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстарын басқару саласында су ресурстарының балансын дайындады. Қазіргі кезде құрғақшылық циклы жалғасуда. Диқандарымызды сумен қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, аймақтарға сапарлар жасалды. Фермерлерге ықтимал қауіптер және күрделі вегетациялық кезеңге дайындалу қажеттігі туралы айтылды. Нәтижесінде, әкімдіктер мен шаруалар ылғал сүйгіш дақылдар көлемін азайтты: мақта 17,9 мың гектарға, күріш 9,5 мың гектарға қысқарды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство басшысы Серікқали Брекешев мәлімдеді.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай 9 су қоймасын салу көзделген
Тегтер:
сот төрелігі