2021 жыл «Балалар әдебиеті жылы» деп жарияланды. Оның шеңберінде оқырмандарды кітапханаларға тарту және Қазақстан Республикасында оқуды насихаттау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары бекітілді. Балалар мен жасөспірімдер арасында оқу сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында алғаш рет «Жас қаламгер» оқыту мектебі әлеуметтік жобасы «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясы және т.б. шаралар өткізілді.Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.