«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде мәдениет саласында биыл еліміздің 2 өңірінде 9 жобаны іске асыру көзделген. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2021 жылы еліміздің 12 өңірінде ауылдағы мәдениет объектілерін салу, күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша 64 жоба қолға алынады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.