Бүгінгі таңда ішкі туризм - Қазақстандағы басым бағыт. Биыл 9 айда 5,2 миллионнан астам ішкі турист тіркелді. Бұл пандемияға дейінгі 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көп. Олардың шамамен бестен бірі ұлттық саябақтарға тиесілі. Мұндай мәліметтерді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.