Мемлекет басшысы Қ.К Тоқаевтың тапсырмасы аясында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Республикалық Мәдениет және архивтер ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы 50%, ал өңірлік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысының 35% мөлшерінде көтерілді. Сондай-ақ, мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы арттырылды, ол 2023 жылға дейін жыл сайын 25% өсетін болады. Ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының лауазымдық жалақысына 1,75 коэффициенті сақталады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.