Бұл опцияны пайдалану үшін онлайн режимде бірнеше қадамды орындау керек. ЭЦҚ көмегімен enpf-otbasy.kz платформасына кіру қажет. Жеке кабинетте, бірінші кезекте, қолданыстағы депозит пен арнайы шоттың болуын тексеріңіз. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова бұл қызметтің нұсқаулығын толықтай айтып берді.