Сотталғандарды бостандықтағы өмірге бейімдеу мен түзеудің маңызды факторы оларды жұмысқа орналастыру болып табылады. Бұл салаға тартылғандардың саны өткен жылғы 38%-дан биыл 49%-ға дейін артты. Жабық мекемелердегі іске қосылмаған өндірістік алаңдар 226 субъектіге сенімгерлік басқаруға берілді, оларда 3,5 мыңға жуық адам еңбек етеді, Жалпы колонияларда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.