Сейсмикалық қауіпті және жер сілкіністерін болжау қаупін төмендету мақсатында сейсмикалық қауіпті аймақтарда 63 стационарлық станция жұмыс істейді. Цифрлық технологияларды дамыту аясында Алматыда магнитудасы 4 балл және одан жоғары жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды, кейіннен мобильдік қосымшада көрсетілді. Алдағы уақытта тағы 28 станция орнату жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин хабарлады.